Отгонцецегті жөнсіз сынаған Nur.kz журналисі халықтың ызасын тудырды

2 340 просмотров

Қазақстанның медиа нарығында жұмыс істейтін Nur.kz сайтының журналистері Олимпиада жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгті сынап, тырнақ астынан кір іздегені үшін халықтың ызасын тудырды.

«Оу, айналайын журналистер!

Не жазып тұрғандарыңды өздерің біліп тұрсыңдар ма өзі?

Біресе қазақша сөйлеу үшін айтатын сөздерін алдын-ала жаттап келеді екен дейсіңдер, біресе сұхбат беруге жаттықтырушысы рұқсат бермеді дейсіңдер.
Мыналарың енді таза тырнақ астынан кір іздеу ғой!

Қазақшасы қиындау өзге ұлт өкілінен не күтесіңдер, бұл қыз талаптанып жүр қазақша сөйлеуге!

Түзеткілерің келсе өзіміздің орыстар мен орыстілді шенеуніктерге неге кінə артпайсыңдар?» деп жазды Омарбек Бейсалиев есімді facebook қолданушысы.

Шынында да бұл порталдың есімі белгісіз тілшісі

«қымбат көлік мінген спортшы Галбадрах Отгонцэцэг журналистермен кезекті кездесуінде қазақша сөйлеуден бас тартты» деп дүңк етізіпті.

Мақаланың мәтінінде тілші былай жазған:

«Әкім Бейбіт Атамқұловтың қолынан пәтер кілтін алып, қымбат көлік мінген спортшы қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты. Бапкерлерінің сөзіне сенсек, спортшы түрлі шараларда айтып жүрген қазақ тіліндегі алғыс сөздерін ел ықыласы үшін әбден жаттап келеді екен. Олимпиададан кейін спортшыны бағдарламаларға шақырған журналистер Галбадрахтың қазақ не орыс тілінде мүлдем сөйлемейтінін айтады. Осы жолғы кездесуде де тілшінің «тым болмағанда жаттаған сөзін айтқызып, видеоға түсіріп алайық» дегеніне бапкері көнбеді. Айтуынша, джип көлігіне отырған ол енді сөзден жаңылысып қалуы мүмкін».

Снимок экрана от 2016-09-01 10:11:21

Тақырып бойынша оқыңыз:

Танысып қойыңыз! Моңғолдың қара қызы Отгонцецег

Загрузка...