Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Отбасына зорлық-зомбылық көрсетушілерге қатысты жаза күшейтілмек

124

ҚР Бас прокуроры тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ауыр әлеуметтік салдары бар проблема екенін атап өтті.

– Көшедегі агрессияның да бір себебі – отбасындағы жағдай. Үйден ызамен шыққан адам өшін өзгеден алады. Адамдардың қоғамдық жерлердегі және көліктегі теріс қылықтары, көп жағдайда, отбасында болып жатқан жағдайлардың көрінісі, – деді ол.

Статистика бойынша, Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың 90 пайызға жуығы әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес. Біздің мақсатымыз тұрғындардың сана-сезімін өзгертудің жаңа жолдарын іздестіру, осы проблемаға деген көзқарасты өзгерту.

Осы орайда, Бас прокурор тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңнамалық ұсыныстарды алға тартты. Мысалы, ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына қайтару, отбасылық жанжалшыларды ұстау мерзімін үштен 48 сағатқа дейін арттыру, қорғау нұсқамасының мерзімін 90 тәулікке дейін ұзарту ұсынылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз