“Отандық тәжірибе тиісті деңгейде бағаланбай, қолданбай жатыр” деді кеше Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында “Родина” Агрофирмасы” ЖШС-нің бас директоры, Комиссия мүшесі Иван Сауэр. Оның пікірінше, 25 жылда ауылшаруашылығы саласында үлкен тәжірибе жинақталған.
Кәсіпкердің пікірінше, отандық шаруалар жинаған тәжірибе құнды. Бірақ ол тиісті деңгейде бағаланбай отыр.
Иван Сауэр баяндамасында өзі басқарып отырған агрофирманың жетістіктеріне тоқталды. Осы ретте ол комиссия отырысына қатысып отырғандардың барлығына “Родина” агрофирмасының жемісті жұмысымен таныстыруға, онда қызмет етіп жүрген адамдардың өмір сүру сапасы қаншалықты артқандығын көрсетуге дайын екендігін жеткізді.