Осы аптада АҚШ долларының қатты қымбаттай қоюы екіталай

20 просмотров

ҚР Ұлттық банктің 11-шілдеге белгілеген 1 АҚШ долларының ресми бағамы — 338,46 теңге. Ал ақша айырбастау орындарында бүгін америкалық валюта 341 теңгеден сатылып жатыр.

Осы жағынан алғанда, кешке дейін АҚШ долларының ресми бағамы тағы біршама күш алуы мүмкін. Бірақ алдағы күндері америкалық валютаның қатты қымбаттай қоюы екіталай. Өйткені әлем елдері, соның ішінде Қазақстан соңғы кездері алтынды көптеп сатып алып, АҚШ долларынан біршама арылған. Демек, қазір сенімді де құнды валюта алтын болып тұр.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 336-338 теңгеге сатып алынып, 339-341 теңге аралығында сатылып жатыр.

ҚР Ұлттық банктің 6-7 шілде күндеріне бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 евро —374,40 теңге, ресей рублі — 5,28 теңге, 1 фунт стерлингі — 438,37 теңге, жапон йені— 3,36 теңге, 1 қытай юаны — 50,62 теңге, 1 қырғыз сомы — 5,05 теңге, 100 өзбек сумы— 11,50 теңге болды.

АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 8-шілдедегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 338,46 теңге деңгейінде нақтыланды.

Загрузка...