Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қостанайда парамен ұсталған шенді келіншектің жазасы айыппұлға алмастырылды

Апелляциялық қазылар алқасы жауапқа тартылушының күйеуінің науқас екенін, сондай-ақ Қылмыстық кодекс бабы бойынша салынған санкцияға тең ақшаны депозитке салғанын ескере отырып, жеңілдік жасау туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты соттың алғашқы шешімі өзгертіліп, бас бостандығынан айыру жазасы 21 миллион теңге көлемінде айыппұл салумен алмастырылды.

Еске сала кетелік, бұрынғы шенді Өтегенова ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, яғни “Бірнеше мәрте ірі көлемде пара алу” бойынша сотқа тартылған. Прокурор Өтегенованы айыппұлмен жазалауды сұраған. Алайда 10-қазанда Қостанай қалалық №2 соты оған барлық мүлкін тәркілей отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз