Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қостанайда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үй тұруға жарамсыз – тұрғындар

Тұрғындар үйді жөндеп беруден тыс 300 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуді сұрап отыр.

– Жаңбыр жауып, қар ерісе пәтерлерге су сорғалайды. Себебі шатыры дұрыс жасалмаған. Пәтердің іші ылғал тартып тұрады. Үйді тұрғызған кезде төбеге жапқан плиталардың жігі бітелмеген. Араларында үлкен саңылаулар бар. Салдарынан онда су жиналып, электр желілеріне зақым келтірді, – деп түсіндірген талап арызда пәтер иесі.

Дәл осындай арызбен осы үйдің басқа бір пәтерінде тұратын азамат да шағымданған.

«ВИСТ» ЖШС 9-қабатты үйді 2012 жылдың желтоқсанында пайдалануға берген. Пәтер иелері тек 2013 жылдың сәуір-мамырында ғана келісімшартқа отырған, ал үй кілті тек маусым айында қолға тиген.

Аталмыш үй «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Ондағы пәтерлерге жұрт «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қол жеткізген.

Мәселен, №40 пәтерде жуынатын бөлменің плиткалары қопарылып жатыр. Ал №30 пәтерде кіреберіс пен ас үйдің төбесіндегі сылақ құлап түскен.

Ал 9-қабаттағы тұрғындар пәтерлерінің төбесінен қорлықты көріп келеді.

– Мен мына пәтер үшін 23 жыл бойы ай сайын 40 000 теңге ипотека төлейтін боламын. Үйдің өзі сонша жыл шыдар ма екен? Мұнда тұру мүмкін емес. Қабырғалардың бәрі көгеріп кетті. Жапсырылған төбе мен плитаның арасында саңылау болғандықтан, жел улейді де тұрады. Терезелер дұрыс жабылмайды. Бәрінен де төбемізден су сорғалайтыны қынжылтып тұр, – дейді №71 пәтердің иесі Жанат Бейсембаева.

Тұрғындар көшіп келісімен барлық мекемелерге хабарласқан. Алайда, қоныстанғандарына 3 жыл өтсе де еш өзгеріс жоқ. Сондықтан ашынған тұрғындарға сотқа арызданғаннан басқа амал қалмаған.

Қала әкімдігі мен мердігердің уәжін 1 тамызда басталатын сот отырысында білетін боламыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз