Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қостанайда мас әйел көңілдесін «шашлықтың шампурымен» өлтірді

Содан соң екі ер адам сөзге келе алмай, өзара жанжалдасқан екен. Каримованың бірге тұратын көңілдесі басымен қарсыласының бетінен ұрыпты. Екеуін әйелдер ажыратқаннан кейін таяқ жеген көрші жігіт кетіп қалыпты, қалғандары демалысын жалғастыра берген.

Бірақ Каримованың қызып алған жігіті «сен неге көршіні жақтайсың» деп әйелдің өзіне дүрсе қойыпты. Сөзден сөз шығып, ақыры еркек әйелдің де бетінен бір қойған екен. Ызаға булыққан әйел үстелде жатқан кәуәптың темір істігін алып, еркектің кеудесіне қадай салыпты. Ер адам сол жерде жан тапсырған.

Рита Каримова сот үкімімен 8 жылға сотталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз