Қостанайлық зейнеткердің бақшасында салмағы 2 келі, ұзындығы 30 сантиметрлік алып қияр өсіпті, деп жазады Айна газеті.
– Біз ол қиярды шөп арасынан байқамай қалыппыз, содан болар, қатты үлкейіп кетіпті, дейді зейнеткер Борис Печенкин.
Енді ол қиярды не істейсіз деген сұраққа зейнеткер “бала-шағаммен бірге жеп қоямыз” депті.