Қостанайда өткен аптада бес үй өртеніп, бес отбасы далада қалған. Қылышын сүйреген қыс тақағанда барар жері, басар тауы қалмаған олар әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұрауға мәжбүр.
Өрт кезінде бұл адамдардың түгі қалмай өртеніп кеткен, тек құжаттарын алып үлгерген екен.
“Құрметті, Қостанай қаласының тұрғындары! 2016 жылдың 9-қазанында төтенше оқиға орын алып, бірнеше отбасы далада қалдық. Үй, киім, бәрі өртенді. Көмек керек. Тоңып жатырмыз. Аяқ-киім, қалың киім болса, жақсы болар еді. 2-жастан 17 жасқа дейінгі балалар бар. Бір жасқа толмаған 4 ұл мен қыз бар, 6,9,13 және 16 жастағы ұл бала, 12 жастағы екі қыз бала бар. Үлкендерге де көмектесеміз десеңіздер, жақсы болар еді. Өртенген үйіміз Цветочная көшесі, 2 пр.7 үй. Мына телефонға хабарласуларыңызға болады: + 7 702 514 08 79. Мұрат” делінеді әлеуметтік желіде таратылған, көмек сұраған жазбада.