Қостанайда 6 жасар баланы қағып, өлтіріп алған жүргізуші 2,5 жылға сотталды

35 просмотров

«Қостанай қаласының №2 сотында Андрей Коновальчукке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

«Қостанай қаласының №2 сотында Андрей Коновальчукке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағы бойынша, яғни, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуына айыпты деп танылды» — делінген хабарламада.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 4-наурызында сағат 21.00 шамасында Қостанай қаласының Маяковский көшесімен өзінің «Lada 219410» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатқан Коновальчук «Наурыз» шағын ауданының №6А үйінің жанында жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жүру жылдамдығын арттырған.

Сонымен қатар жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жолақ арқылы өтпек болған жаяу жүргіншілер азаматша А-мен оның 6 жастағы ұлы Р-ға жол бермей көлігімен қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 жасар бала облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде қайтыс болған.

«Сот үкімімен жүргізушіге қоныс колонияда 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және көлік жүргізу куәлігін 5 жылға айыру жазасы тағайындалды», — деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа Коновальчуктан 1,5 миллион теңге моральдық шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Загрузка...