Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қостанай облысында жойқын жол апаты орын алды

avtobus-e1469629942575

Сурет Вконтактідегі «10 авторегион» қауымдастығынан алынды

– Авария бүгін, шамамен, кешкі сағат 18.00-дерде Алматы – Екатеринбург трассасының 2103 километрінде, Приуральский ауылының маңында орын алған. Қостанайдан Ресей шекарасына қарай бет алған «Ивеко Магирус» автобусы жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жолаушылар тасымалдап келе жатқан «Киа Грандберд» автобусымен қақтығысқан. Жойқын қақтығыс салдарынан

автобустың ішінде болған 6 жолаушы қаза болған, олардың ішінде, 12 жасар бала да бар,

тағы 17 адам ауруханаға жеткізілді, – делінген департаменттің баспасөз қызыметі таратқан хабарламада.

Қазір апат орнында құтқарушылар мен полицейлер жұмыс істеп жатыр, жақын уақытта жол-көлік апатының себептерін анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалады. Алдын ала нұсқауға сәйкес апат «Ивеко» автомобилінің алдыңғы сол дөңгелегі жарылуы салдарынан орын алған.

Материал жариялануға дайындалып жатқанда, аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен

«зардап шегушілер саны 25-ке жетті”,

деген ақпарат келіп түсті.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз