Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысындағы департаментінің басшысы жүйелі түрде қызмет бабын асыра пайдаланып, пара алып отырғаны үшін ұсталды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ұлттық бюросының Қостанай облысындағы департаментінің өкілдері ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстық департаменті басшысы міндетін атқарушы Өтегенованың жүйелі түрде пара алып, кәсіпкерлерге «қамқорлық танытқан» қылмысын әшкереледі.
Осылайша, қызмет бабын асыра пайдаланып, өз пайдасы үшін Өтегенова кемшіліктерге көз жұмып, тексеру қорытындысы бойынша оң дәйектеме беру үшін жеке кәсіпкерден 400 мың теңге көлемінде пара алған. Сонымен бірге, К.Өтегенова департаменттің бас есепшісіне қызметкерлерге сыйлықақы бөлу туралы тапсырма беріп, 150 мың теңгені өз қалтасына басып қалған.
Лауазымды тұлға өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.