Қостанай облысында араққа тойып, әкесімен ерегескен қыз мерт болды

1 180 просмотров

Қызының ауыр сөздерін көтере алмаған әкесі пышаққа қол салған деп күдікке ілінді.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлімі бойынша 1968 жылы туған азамат В-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қарасу ауданы Комсомольский кентінде айыпталушы түскі ас уақытында ішімдік ішіп алып, ұйықтап қалады. Осы уақытта үйге құрбыларымен 26 жастағы қызы келеді. Олар арақ ішіп, дауыстары қатты шығып, әңгімелесіп отырған. Шудан үй иесі оянып кетіп, қызына ескерту жасайды. Осыдан кейін қызы екеуінің арасында ұрыс-керіс басталып кетеді. Дауыс көтеру, бір-бірін балағаттаудың арты төбелеске ұласады.

Тергеу сүйенген дерекке сәйкес, қызының ауыр сөздерін көтере алмаған ер адам ас үйден пышақ алып, бойжеткеннің кеуде тұсына сұғады, ол оқиға орнында көз жұмады.

Загрузка...