Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қостанай облысында жоғалған 3 жасар балақай табылды

3 жасар Сергей Соколенко Қостанай облысы, Тарановск ауданы, Набережное ауылында ойнап жүрген үй ауласынан шығып кеткен деп хабарлады Аlau.kz.

Анасының айтуынша, бала 11 және 13 жастағы өз ағаларымен ойнауға көшеге шығып кеткен. Алайда кішкентай балақан ағаларына бармаған. Кешке ойыннан оралған балалар үйдің кенжесін мүлде көрмегенін айтқан.

Аталған жайтқа байланысты іздеу шарасы ұйымдастырылды. Оған төтенше жағдай қызметінің, полицияның қызметкерлері мен ауыл тұрғындары тартылды.

“Сергей Соколенко ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Оны полиция қызметкерлері тапты. Баланы дәрігерлер тексерді. Денсаулығы бірқалыпты, жағдайы жақсы. Бала ата-анасының қолына табысталды. Көмек көрсеткен барлық адамдарға рахмет” делінген жергілікті ішкі істер департаментінің әлеуметтік желіге таратқан хабарламасында.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз