Қос тұмсықты бәтеңкелер сәнге шыға бастады

1 352 просмотров

АҚШ-та Hood By Air атты бренд бір емес, қос тұмсықты бәтеңкелерді жұрт назарына ұсынды.

Нью-Йоркте өткен сән апталығында 2017 жылдың көктем-жаз мерзіміне арнап шығарылған бұл аяқ киімнің бір тұмсығы әдеттегідей алда болса, екінші тұмсығы өкше тұстан басталады, деп хабарлайды womanmixmews-ке сілтеме жасап, 24.kz.

Брендтің креатив жөнінен директоры Шейн Оливьенің айтуынша, өкше мен тақа орнына екінші тұмсық тігілген мұндай бәтеңкелерді ерлер мен әйелдер өзара ажыратып жатпай, бірдей кие берулеріне болады екен.

Загрузка...