Қос азаматтық тіркеткен қостанайлық тұрғынға 500 мың теңге айыппұл салынды

44 просмотров

Қостанайда тұратын 54 жастағы Қазақстан азаматы қосымша Германия Федеративтік Республикасының да азаматтығын тіркетіп алған.
Оның бұл заңсыздығын биыл 26-тамызда Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайда шекара қызметі мен көші-қон полициясының қызметкерлері анықтады.

Бұл туралы Қостанай қаласындағы ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады «Алау«.

Ол Қазақстан азаматы бола тұра, басқа елдің де азаматтығын тіркетіп, заңмен белгіленген уақыт ішінде шетелдің азаматтығын алғандығы туралы мәліметтен құзырлы мекемені құлағдар етпеген.

Осылайша ол ҚР Әкімшілік кодексінің 496-бабының 2-тармағына сәйкес, заңбұзушылық жасады.

Қостанай қаласының мамандандырылған соты ол азаматқа әкімшілік жаза тағайындап, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 424 200 теңге айыппұл салды.

Загрузка...