Ресейдің 201-ші әскери базасында әскери қызметкері Дмитрий Толстой ұрған және пышақтаған тәжік таксишісі Тохир Сұлтонов моральдық және материалдық өтемақы өндіре алмады.
Тәжікстандағы 201-ші ресейлік әскери базаның басшылығы біздің арызымызға құлақ асар емес, деп мәлімдеді жәбірленушінің адвокаты, заңгер және парламенттің бұрынғы депутаты Саодат Амиршоева. “Олар Дмитрий Толстойды “есі ауысқан” адам ретінде көрсеткілері келеді”, – деді адвокат.
Тохир Султонов пен оның адковаты 201-ші әскери базадан 5 миллион рубль өтемақы талап етті. Сұлтонов бір айға жуық ауруханада жатып шықты және автокөлігін жөндеуге шығын шығарды. Денсаулығының ауыр екеніне қарамастан Сұлтонов еңбек миграциясына кетуге мәжбүр болды.