Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Орысқа табынған Абай қалайша Тәуелсіз қазақтың бас идеологы болады?

432

79d9f4c6b3c736ad019c56ebfed6aed4Айтылмаса, сөз жетім. Біз осы пікірді қаз-қалпында оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік:

«Айтылмаса, сөз жетім деген… мен мынаны айтқым келеді ағайындар… Шын мәнінде, қазіргі тәуелсіз қазақтың бас идеологы, философы, идеялық ұраны – Абай емес, Мағжан боп келеді. Бізге қазір осы екі тұлғаның орынын алмастыру керек. Абайды тек ақын ретінде қалдырып, Мағжанды Тәуелсіздік ұраны ретінде қарастыра бастау керек.

Себебі, кезінде большевиктер идеологиясы Абайды пайдаланып кетті, олар Абайды кәдімгідей мықты пайдаланды. Ал Мағжанға тиым салынды. Мағжан – ұлтшыл, түркішіл, азаттық идеясын жырлаушы философшыл ақын. Оны Жүсіпбек философ деп бағалайды.

Мағжанға замандастары қатты еліктеген, одан сөз ұрлаған, талантын жаулары да мойындаған. Большевик – жазушы С.Мұқанов оны “бүгінгінің Абайы” деп атаған. Мағжан қара сөздер жазбады, бірақ оның шығармашылығы тұнған – азаттық идеясы және философиясы. Ол сол үшін сотталып кете барды, ақыры құрбан болды. Жүсіпбек оны “ескішілдікті жырлайды” дейді, алайда мен оны “Мағжан ескіден мемлекеттілігімізді көрген, соны аңсап ішқұста боп өткен ақын” деп қабылдаймын. Жүсіпбек тағы былай дейді “Мағжан 30 жылдары ештеңе жазбады” дейді, ал меніңше Мағжанның ол кездегі жазбалары жойылған, қолды болған, немесе ұрланған. Мағжандай ақын бір кез ештеңе жазбай қойды дегенге мен еш сенбеймін. Мен кем дегенде Мағжанның жазбаларының жартысы бізге жетпеді деп ойлаймын.

Ұзын сөздің қысқасы, айтар сөз көп, мына қысқа постта айтпағым – Мағжанды тұғырына қондыруымыз керек. Мағжан дегеніміз – азаттық идеясы, соны сөйлетуіміз керек. Мағжан дегеніміз – пантүркизм – мәңгілік идея.

Ал Абай идеясын – кедендік одақшылар, еуразиялық одақшылар пайдаланса болады. Ол идея ескірген, өткеннің идеясы, отаршылдықтың құралы болды. Mағжан – number one!».

Одан кейінгі постында автор тағы мынадай ой тастады.

«Әкесі қазақ Тәуелсіздігіне қарсы соғысқан Абайдың шығармашылығында, Тәуелсіздік туралы бір ауыз сөз жоқ. Абай қалай тәуелсіз қазақтың бас идеологы болады? Заман да өзгереді, елу жылда ел жаңа дегендей. Қазір “өнер – білім орыста” емес, Батыста болды ғой. Оның талантына шәк жоқ, ол ұлы Ақын, бірақ Абай идеяшыл ретінде ескіріп қалды деп ойламайсыңдар ма халайық?».

snimok-ekrana-ot-2016-10-10-10-43-19

snimok-ekrana-ot-2016-10-10-10-43-52

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз