“Орда” тобының әншісі шаңырақ көтерді (фото)

104 просмотров

Беделхановтар отбасында үлкен қуаныш. Күні кеше Ерболат пен Есболаттың ағасы Жанболат отбасын құрды.

Ал той ерекше стильде өтіпті. Әрдайым жаңа стилімен ерекшеленетін «Орда» тобының жігіттері тойды 90-шы жылдардың стилінде өткізіпті.

00000-5

Айталық, қазіргі тойларда көз үйренген түрлі-түсті баннердің орнына кілем ілуде жөн көрген. Кілемге жас жұбайлардың есімдерін мақтамен жазып қойыпты. Шаңырақ көтерген жас жұпты құттықтауға Мәдина Сәдуақасова бастаған эстрада жұлдыздары да келген екен.

0000000000000000000-7

Ал шаңырақ көтерген Жанболаттың қалыңдығы туралы анық-қанық ақпарат аз. Тек есімі Жұпар екені белгілі.

“Бүгін Беделхановтар отбасында той! Әбден билеп алдық. Ерболат, тойларың құтты болсын! Ендігі кезек сенде, Есболат!” – деген екен Мәдина Сәдуақасова.

Загрузка...