Пітір садақаның берілуі – Ораза айт күні таң атысымен уәжіп болады. Түрлі себептермен аталмыш мерзімнен қанша кешіктірілсе де, пітір садақа міндетті түрде берілуі тиіс.
Бұл туралы islam.kz хабарлайды.
Пітір садақаны айт намазы басталмай тұрып беру – мұстахаб. Өйткені, Пайғамбарымыз пітір садақаны айт намазына шықпай тұрып беретін болған. Пайғамбарымыз: «Осындай күнде (айт мейрамы күні) кедейлерді қайыр садақа тілеуге мұқтаж етпеңдер», – деген.
Бүкіл ел қуанып, тойлайтын мейрам күнінде берілген пітір садақаға қажетті нәрселерін алу арқылы кедейлердің де жұрт қатарлы жадырауын көздейді дініміз.