Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оралман мәртебесін қайтадан тіркетуге тағы бір мүмкіндік берілді

Осыған байланысты, қазіргі уақытта оралман мәртебеcін жоғалтқан этникалық қазақтарға өз мәртебеcін растау үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаcына, Алматы қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына, Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгіну қажет.

Оралман мәртебесін растағаннан кейін этникалық қазақтар тіркеуде тұратын жерлері бойынша көші-қон полициясы бөлімшелеріне «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 16-1-бабына сәйкес, Қазақстанның азаматтығына жеңiлдетiлген (тiркеу) тәртiбiмен қабылдау туралы өтініш білдіре алады.

Өтінішті қарау мерзімі үш айды құрайды.

Сондай-ақ, оралман мәртебесін өткізіп алған этникалық қазақтарға оралман мәртебесін қайта алу кезінде төмендегіні ескеру қажет:

– оралман куәлігі емес, анықтама ретінде (мөрмен расталған, 3х4 фотосуреті бар) беруді;
– анықтама мерзімі 6 ай;
– анықтамада этникалық қазақтың міндеттемесін көздеу (яғни, анықтама берілген күннен бастап 6 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға облыстық ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармаларына тиісті құжаттарын тапсырып үлгеру);
– анықтама тек қана облыстық ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармаларына тапсыру үшін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз