Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Оралдық бойжеткенді қағып өлтірген полиция қызметкері бостандықта жүр

Комитеттің ақпаратынша, биылғы жылдың мамырынан бері ол Орал қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Ол тұрғылықты жері бойынша әкімшілік-аумақтың шеңберінде емін-еркін жүріп-тұруға құқылы.

Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі сотталған полиция қызметкерінің көлік тізгінін қолға алғандығы туралы ақпаратты тексеріп шықты.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық жазаны атқару жүйесі департаменті аталған хабарды тексеріп шықты. Сотталушының көлік жүргізгені туралы дерек расталған жоқ», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, марқұмның анасы қызын мерт қылған Артур Серіковтің көлік айдап бара жатқанын өз көзімен көргенін айтып, сот орындаушысына жүгінген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз