Оралда сотталып кеткен облыстық спорт басқармасының басшысы Мүсілім Оңдағановтың гаражы сүріліп, үйінің қақпасы бұзылғалы жатыр.
Бұл туралы КТК хабарлайды.
Ал зәулім сарайы мемлекет меншігіне өтпек. Өйткені ол лауазымды қызметте жүргенде осы нысандар тұрған жер учаскесін рұқсатсыз иемденіп алыпты.
Ал осыған жол берген Жер қатынастары басқармасындағылар да тәртіптік жазаға тартылады. Мүсілім Оңдағанов қылмыстық топ құрып, қазынаның 200 млн теңгесін жымқырғаны үшін 2 жылдан бері түрмеде отыр. Әлі өтелетін 10 жылы бар экс-шенеунік жақында әріптестеріне жеңіл ақшадан аулақ жүруді үгіттейтін видеожолдау жасаған еді.