Оралда автобус тракторды «төңкеріп» тастады (видео)

318 просмотров

Орал қаласында Шаған өзені арқылы өтетін көпір мен Зашаған кенті аралығында №22 бағытпен жүретін автобус көше тазалайтын трактормен түйіскен. Соның салдарынан трактор аударылып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға сағат 12.00-ге дейін орын алған сыңайлы. Автобустың «мұрты қисайғанмен», аударылмаған.

Қазіргі кезде аталмыш оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Жалпы, тұрғындар №22 бағыттағы автобустың өте тез жүретінін, міне қалса, имандарын үйіріп отыратынын айтады.

Дереккөз: Қазақпарат

Загрузка...