Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оралда Қайрат Нұртас ән салып жатқанда екі қыз төбелесіп қалды (видео)

Сахнаның көрермендер жағына ұзыннан темір бөгет қойылған. Оған қоса ол арада полиция қызметкерлері мен Ұлттық гвардияның солдаттары да тұрды. Қайрат Нұртас сахнаға шыққанда жанкүйерлер оған ұмтылып, темір бөгетті итере бастады.

Бірақ бекініс мықты болып, әнші өз әнін сахнада сәтті орындап шықты. Тек екі қыздың қатты жолы болмады. Сахна алдындағы бекіністен өте алмаған соң ашуланған екі қыз ызасын бір-бірінен алды. Біреуі шашына жармаса, келесі де есесін жібермей, жұдырық сілтеп жатты. Оларды сол арадағы тәртіп сақшылары ажыратып, алып кетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз