„Қорғас„ шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығының президенті қамауға алынды

113 просмотров

„Қорғас„  шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығының президенті Василий Ни 1 миллион доллар пара алды деп күдікке ілінді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның департаменті хабарлады.

„Тергеушілер Василий Ни өзінің қол астындағы инвесторлармен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі Сайдуллаевтың көмегімен бопсалау арқылы „Қорғас Тюльпан„ ЖШС өкілінен 1 миллион доллар пара алғанын анықтады. Өз кезегінде ол халықаралық орталық территориясында салынбақ бес жұлдызды қонақүй құрылысы бойынша тендерді осы компанияға ұтып бермек болған„ делінеді алдын ала таратылған хабарламада.

Қазіргі уақытта Василий Ни ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Загрузка...