Қорғас бекетіндегі төбелеске қатысты сотталушының адвокаты өз ойын айтты

71 просмотров

Қорғас бекетінде шекарашымен жаға жыртысып, айыпталған тарап сот үкімімен келіспейді.27-қыркүйек күні Алматы облысы Панфилов аудандық сотының үкімімен Мадиұлы Ербол ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айрылды. Оған „шекарашыға қол көтерді„ деп айып тағылып, сотта ол бейнежазбамен дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Бүгіндері Мадиұлы Ерболдың қорғаушысы соттың шығарған үкімімен келіспей Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына апелляциялық шағым келтірді.

Адвокаттың айтуына қарағанда, Мадиұлы Ербол осыдан үш ай бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға — Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің екі шекара бақылаушысына қарсы арызданған. Осы арыз бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі лауазымды адам Панфилов аудандық сотымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қорғаушының дерегінше, осы қылмыстық істің негізінде Мадиұлы Ербол шекара қызметкерлерінің қудалауына ұрынған.

Загрузка...