Қорғас бекетінде шекарашымен жаға жыртысқан азамат сотталды (видео)

123 просмотров

Алматы облысы Панфилов ауданының соты Қорғас өткізу бекетінде шекарашыны балағаттап, намысына тиіп, ел заңнамасын өрескел бұзған Қазақстан азаматы Ербол Мәдиұлына қатысты істі қарады.

Бұл турады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1 тармағына сәйкес кінә тағылып, ол сотта дәлелденді. Сот Ербол Мәдиұлын кінәлі деп тауып, 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол бұл уақытты жалпыға ортақ тәртіпті түзеу колониясына өткізуі тиіс.

Бұл оқиға биыл 12-тамызда орын алған. Ербол Мәдиұлы Қазақстаннан Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығына келген. Ол кіре берісте шекарашыға басын куәландыратын құжатты көрсетуден бас тартып, сөзге келген. Ақыры ол мемлекеттік шекара күзетінде тұрған шекарашыға жұдырық жұмсап, ашуын тарқатқан.

Загрузка...