Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қорғаныс саласына бөлінген мемлекеттік қаражатқа ауыз салған ірі қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеу кезінде ҚР Қорғаныс күштерінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы жетекшісінің орынбасары, подполковник Жұмқазиевтің сыбайлас жемқорлық тізбектің басында тұрғаны анықталды. Қаржы министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің шенеуніктері мен бір-бірімен байланыстағы коммерциялық ұйымдардың басшылары онымен бірге болған.
Ол өзімен сыбайлас кәсіпкерлердің мүддесін лоббилеп отырған. Ал өзінің қылмысын жасыру үшін Қорғаныс министрлігі мен Қаржы министрлігінің қадағалаушы органдарындағы сыбайлас шенеуніктердің мүмкіндігін пайдаланған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери барлау департаментінің қызметкерлері 8-тамызда Жұмақазиевті 20 миллион теңге пара алып жатқан жерінен құрықтады.
Жұмақазиевтан тыс Қорғаныс пен Қаржы министрліктерінің 5 шенеунігі, сонымен қатар 4 кәсіпкер ұсталды. Ұлттық және шетелдік валюталар түрінде қомақты сома тәркіленді.
Қазір тергеушілер бұл қылмыстық топқа өзге лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлердің қатысы бар-жоқтығын анықтап жатыр.