Танымал экономист Олжас Құдайбергенов Алматыда содырлардың қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туған-туыстарына қаражат жинауды ұсынды.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
– Бұл адамдар өз міндеттерін орындау барысында қаза тапты және олардың артынан балалары қалды. Мен мемлекеттің оларға қандай көмегін беретінін білмеймін, басқа да бастамалар көтерілгенін не көтерілмегенінен де хабарсызбын, бірақ көз жұмғандардың отбасыларына қаражат жинау бастамасын жария етемін. Бірі біржолғы көмек бере алса, екіншісі белгілі бір уақыт бойы жәрдемін беруі ықтимал.
Әрине, мен тек ұйымдастырушылық мәселелермен айналысатын боламын. Қолдау көрсетемін дегендерге маған жекеге жазса болады. 19 шілдеде көмектің барлық жай-жапсарлары туралы жаңа хабарландыру жасаймыз. Отбасыларға көмектесейік!», – деп атап өтті ол өзінің Facebook-тағы парақшасында.