Қолына суық қару ұстаған «Жігіттер» тобының әншісі ел аузына ілікті (фото)

326 просмотров

Желіде «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың қолына суық қару ұстап тұрып түскен суреті пайда болды деп хабарлайды nur.kz.

Бұл сурет Instagram желісіндегі Дос Малик есімді қолданушының парақшасында жария болған. Қолына суық қару ұстап алған Бағлан Әбдірайымов көптің көзіне түсті.

Желі қолданушылары бұл суретке түрлі пікірлерін қалдырды. Кей желі қолданушылары оларды нағыз жігіт деп атап, мақтау сөздер айтса, екіншілері жігіттердің бұл қылығына таңданыстарын жасырмады.

«Қолдарыңнан келетіні осы ғана, зорлық-зомбылықты насихаттап отырсыңдар. Болашақ ұрпаққа түкіргендерің бар сендердің, ұят пен арды ұмытып, адам өлтіретін қаруды көрсетіп отырсыңдар», » О құдай, мынасы несі», — деп жазды наразы болғандар.

«Еркек деген осылай болу керек. Еркек деген Отанды қорғаған», «Міне, нағыз жігіттер, Бағланның қолынан бәрі келеді», — деп жазды Бағланның бұл суретіне сүйсінгендер.

2

 

Загрузка...