Олимпиада жүлдесіне Қазақстанда берілетін сыйақы мөлшері белгіленді

124 просмотров

Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойндарына қатысқан әрі жүлделі орын бойынша қазақстандықтар спортшыларға қатысты қаржылай сыйақының мөлшері анықталды.

Әрбір спортшыға көрсеткен нәтижесіне қарай 5 мыңнан 250 мың доллар аралығында ақы төленетін болады деп мәлімдеді ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамит. Бұл туралы dixinews.kz сайтында хабарланды.

— Жазғы Олимпиадаға қатысатын спортшылар мен олардың бапкерлеріне, жалпы құрамаға берілетін қаржылай сыйлықтың көлемі нақтыланды. Жарысқа қатысушылардың жүлдесі 6-орынға дейін қарастырылған.

Спортшыларға берілетін қаржылай сыйлық бұрынғысынша доллармен есептелінеді. І-ші орынға- 250 мың доллар, ІІ-ші орынға-150 мың доллар, ІІІ орынға-75 мың доллар, ІV-30 мың доллар, V-орынға-10 мың доллар, VІ-орынға- 5 мың доллар төленеді, — деді ол.

Сондай-ақ паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындар үшін төленетін қаржы көлемі де айтылды.

Онда I-ші орынға – 50 мың доллар төленеді. II-ші орынға- 35 мың доллар, III- 25 мың доллар, IV-V-VI-орындарға- 14, 6, 4 мың доллар шамасында қаржылай сыйлықтар беріледі екен.

Баспасөз хатшысы бапкерлерге де спортшы алған сома көлемінде сыйақы берілетінін нақтылай кетті.

Айта кету керек, сыйақы теңгемен сол кездегі доллар бағамына сәйкес беріледі.

Риодағы жазғы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Қазақстаннан 25 спорт түріне қатысу үшін 105 спортшы қатысады.

Загрузка...