Олимпиада ойындарында үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогының иегері анықталды

92 просмотров

Қазақтың былғары қолғап шебері Біржан Жақыповты жер қаратқан, Рио Олимпиадасында 49 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов 2016 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері атанды.

Тарихта алғаш рет өзбек боксшысы Баркер кубогына қол жеткізіп отыр. Вэл Баркер кубогы техникасы мықты боксшыға берілетін Олимпиада жүлдесі екенін ескерте кетелік.

1936 жылдан бері табысталып келе жатқан сыйлыққа қазақ боксшылары үш рет қол жеткізген. Василий Жиров (1996 жылы), Бақтияр Артаев (2004 жылы), Серік Сәпиев (2012 жылы).

 

Загрузка...