Олимпиада чемпионы атана салысымен Баландин тұратын үйдің ауласына жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады

416 просмотров

Рио Олимпиадасында алтын медаль алған соң алматылық студент Дмитрий Баландин тұратын үйдің ауласына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле басталған.
Бұл туралы Дмитридің көршісі, актриса Анна-София Краскович Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

«Мен бұл үйде, бұл аулада тұрып жатқаныма 28 жыл. Бірақ осы 28 жыл ішінде біреудің жөндеу жұмыстарын жүргізіп, подъездің жыртығын жамап-жасқанын көрген емеспін. Дмитрий Баландинге мың алғыс! Алтын үшін, подъезд үшін, біздің аула үшін. Біздің өміріміз енді бұрынғыдай болмайды» деп жазды алматылық .

2016 жылдың Олмипиада чемпионы Дмитрий Баландин 1995 жылы Алматыда туған. Суға жүзумен ол 8 жасынан бастап айналыса бастаған. 2012 жылы ол спорттағы талантты балаларға арналған мектеп-интернетты тәмамдады. Баландин Қазақстан тарихында судан жүзуден алтын медаль алған тұңғыш спортшы.

Загрузка...