Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Олимпиадаға келген спортшылар бірінен соң бірі тоналып жатыр (видео)

Тура осы күні Рио полициясы Олимпиада ауылындағы жұмысшының бөлмесінен Риодағы ойындарға қатысып жатқан бір елдің құрамасынан жоғалған 20 мың долларды тапқан еді.

Ал өткен бейсенбіде ресейлік суға жүзуші, 2012 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Евгений Коротышкинге Рио қаласындағы көшелердің бірінде біреулер тонамақ болып, жабылып кеткен.

Оның алдындағы күні – сәрсенбіде 73 келі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдесін алып үлгерген бельгиялық дзюдошы Дирк ван Тихелт Копакабан жағалауында соққыға жығылып, қолындағы қымбат телефонынан айырылып қалған.

Сол күні Риода Олимпиада ойындарын насихаттап жатқан шетелдік тілшілер отырған автобусқа оқ атылған.

Өткен дүйсенбіде белгісіз біреулер Рио-де-Жанейрода екі австриалық жаттықтырушыны тонаған.

Оның алдындағы жексенбіде Олимпиаданың баспасөз орталығының ғимаратына оқ атылған.

Ал Рио әуежайына бара жатқан черногориялық спортшылар мінген көлікті жолда қысып, тоқтатып, мылтық ұстағандар оның ішіндегілерді түсіріп, көлікті алып кеткен. Көлік Халықаралық олимпиада комитетіне тиесілі болғандықтан, спортшылардың өзіне қатты шығын келе қоймаған.

Олимпиада ауылындағы бөлмелердің тоналуы қалыпты жағдайға айналған. Мысалы, дат командасының бөлмесінен планшет, телефон, ноутбуктер жоғалған.

Қытайдың жүгіруге қатысып жатқан спортшысы Ши Донгпенг пен оның операторы қонақүйге тіркеліп жатқанда спортшының үстіне біреу құсып жіберіп, қаша жөнелген. Оператор оны қуа жөнеліп, қайтып оралғанда өте қымбат видеокамерасының қолды болғанын анықтаған.

Спортшылардан тыс Олимпиаданы тамашалауға келген шетелдік көрермендерге де көшеде ашықтан-ашық шабуыл жасалауда. Тоналған қонақтардың бірі – Португалияның министрі. Қасында құқыққорғау органдарының өкілі жүрсе де ол қалтасындағы дүниесінен қағылған. Бірақ полиция қызметкерлерінің шалт қимылы арқасында министрге ұрланған заты қайтарылған.

Сенбі күні Рио-де-Жанейрода XXXI жазғы Олимпиада ойындары басталды. Ол алғаш рет Оңтүстік Америкада өтіп жатыр. Олимпиадаға 207 елдің спортшылары қатысып, 306 жүлдеге таласып жатыр.

Олимпиада кезіндегі қауіпсіздіккке шамамен 85 мың адам жұмылдырылған, оның 47 мыңы полиция қызметкері болса, 38 мыңы – солдаттар. Бұл – Лондон Олимпиадасы қауіпсіздігіне жұмылдырылған адамнан екі есе көп көрсеткіш.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз