Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қол сынса жең ішінде. Польшада жерлесіміз бір қолымен бокстасып-ақ қарсыласын ұтты

112

21-жасар Әли Ахмедов 30-жастағы беларусь боксшысын әділ қазылар алқасының бір ауыздан шешім қабылдауымен жеңді.

Сұхбат беру кезінде отандасымыз жекпе-жекке бір апта қалғанда жаттығу кезінде оң қолын сындырып алғанын айтқан.

“Мен тек бір қолымен ғана бокстастым. Өйткені Польшаға сапарлар алдында бір апта бұрын қолымды сындырып алдым, соның салдарынан Конфедерация кубогында өнер көрсете алмадым. Менің оң қолым сынған еді. Ал жекпе-жектен мен бас тарта алмайтын болдым. Сондықтан көзді жұмып, аттанып кеттік. Жекпе-жек ауыр болды деп айта алмаймын, мен жеңісіме сенімді болдым. Ойыма алғанымды сәтті жүзеге асырдым. Әрине, бір қолмен бокстасу оңай болған жоқ, бірақ еліме тағы бір жеңіс әпергеніме қуаныштымын”.

Бұл – Әли Ахмедовтың елден жырақтағы алғашқы жекпе-жегі. Оның үш кездесуі Алматыда және біреуі Астанада өткен болатын. Барлық жекпе-жекте ол нокаутпен жеңіске жеткен.

Қыркүйек айының соңында Әли Ахмедов Алматыдағы кәсіби бокс кешінде бірінші раундта-ақ гүржі қарсыласы Миндиа Нозадзені нокаутпен жеңген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз