Қол қояйық! Левит-Тищенко жекпе-жегінің қортындысын қайта қарау жөнінде петиция жарияланды

2 360 просмотров

Интернет желісінде Левит — Тищенко жекпе-жегінің қортындысын қайта қарауды талап ететін петиция жарық көрді.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму экс-вице министрі Рахым Ошақбаев Facebook-тегі жеке парақшасында хабарлады.

Ол өз парақшасында петицияның толық мәтінін жария етті.

„Біз бұл жекпе-жекті бағалауда төрешілер әділетсіздік танытты деп күмәнданамыз. Халықаралық баспасөз бен бокс саласының сарапшылары да төрешілердің шешіміне қатысты күмәнін айтып салды„ делінген петиция мәтінінде.

Одан кейін төрешілер шешімімен келіспеген осы саланың бір топ өкілінің пікірі сөзбе-сөз келтіреді. Оның ішінде РФ құрамасының бапкері Эдуард Кравцов, аргентиналық кәсіби-боксшы Серхио Мартинес, ESPN халықаралық телеарнаның шолушысы Дэн Рафаель, FightNights.com сайты, ирландық бокшы Tommy McCarthy де бар.

Қазіргі уақытта оған қол қойғандар саны — 12 000 адам.

Загрузка...