Окcфорд әлемдегі ең үздік университет деп танылды

58 просмотров

Ұлыбританияның Оксфор университеті Times Higher Education басылымы мен Thomson-Reuters ақпараттық қызметінің бірлесіп жасаған зерттеуі бойынша әлемдегі ең беделді үш университеттің бірі болып танылды.

Соңғы 13 жылда бірінші рет америкалық жоғары оқу орны үздіктер қатарында топ жармады. Ағылшын тілі әлеміне Оксфорд университеті 1096 жылы есігін ашқан. Осы жылы Оксфорд соңғы бес жылдан бері бірінші орынды ешкімге бермей келе жатқан Калифорния Технология институтын екінші орынға ысырды.

Үздік екі университеттің орын ауыстырғаны болмаса, Times Higher Education-ның қалған нәтижелері өзгеріссіз қалған. Үшінші орында калифорниялық Стэнфорд, төртінші орында ағылшынның Кембридж университеті, Одан кейін Массачусетс Технологиялық институты, Гарвард, Принстон университеті үздіктер қатарына енген. Алғашқы ондыққа американың 6 жоғары оқу орны кірген.

Рейтингте ең алдымен оқу орындарының ғылыми жұмыстары негізге алынады. «Біздің тізімге кірген университет профессорларының сөздеріне миллиондаған сілтеме жасалған», – деп мәлімдеді Times Higher Education өкілі.

Тек ғана бір ресейлік жоғары оқу орны МГУ екіжүздіктің ішіне кіріп, 188-орында тұр. Өткен жылы екіжүздіктің ішіне Ресейдің төрт оқу орны кірген еді. Бұл жолы қалған үшеуі төменгі сатыға түсіп кеткен.

5ec83c20-64cb-46b3-81c1-a2c17f0c6d52_w987_r1_s

Загрузка...