«Ойбай, мынау қазақша ғой!» Орыстілділер әнұранды әдейі жаттамай жүр ме?

818 просмотров

Білесіз бе, біздің қоғам бай мен кедейге ғана емес, сонымен бірге қазақтілділер және орыстілділер болып екіге бөлінеді. Еліміздегі сол орыстілді қауым Қазақстанның мемлекеттік әнұранын жатқа біле ме осы? Қолын кеудесіне қойып, аузы жыбырлағанда не айтып тұрғанынан хабардар ма екен?

Бір жиында болдық. Үлкен жиын. Басынан аяғынан дейін орыс тілінде өтті. Басталарында әнұран ойнады. Тұрдық. Қолымызды кеудемізге қойдық. Айттық. Тебіреніп тұрмыз. Алайда айналамыз олай ойламайтын сияқты. Меңіреу қалпы. Кеудесіндегі қолында «жан» жоқ. Әншейін қақиып тұр. Әнұранды, оның мағынасы мен мазмұнын білмейді өйткені…

Естеріңізде ме, былтыр Мәскеуде тұратын бір қазақ Қазақстанның әнұранын орысшаға аударып еді ғой? Аты, ұмытпасақ Ақтан Суюншалин.

-экрана-от-2015-07-08-095525-e1436327767336Ақтанның әрекеті елдегі орыстілді газет-сайттарға таптырмас жаңалық болғанын білеміз. Бірден қағып әкеткен. Жарнамасын жасай жөнелген. Өздері мәскеулік немесе «москвич» деп атайтын Актанды жатып та, тұрып та мақтаған.

Ойлаймыз, не үшін? Мұндағы мақсат не?

«Қазақстан Республикасында тұратын барлық орыстілді азаматтарды Әнұранның әдемілігімен және құдіретімен таныс еткім келді» деген Актан Суюншалин.

Елімізде мемлекеттік тілді меңгермеген азаматтардың саны жетіп артылатынын ескерсек, оның ниетін түсінуге болар.

Бірақ мәселе басқада.

Әнұран дегеніміздің өзі идеологиялық дүние. Бүтін бір мемлекеттің – символы. Әнұран жай – ән ғана емес.

Демек, оны аударудың өзі орынсыз.

Еліміздегі орыстілді қауым өзін осы елдің азаматы, турасын айтқанда патриоты сезінсе, Әнұранды жаттағаны, оның мәні мен мазмұнынын білгені маңызды еді. Солай емес пе?

Әнұранның өзегінде Тәуелсіз Қазақстан деген идея жатыр.

Мұнда қазақтар туралы айтылады – «Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!» дейді. Әлгі Ақтанның аудармасында халық деген сөз бар, бірақ қазақ аталмайды.

«Қазақ жері, қазақ халқы, еркіндікке қол жеткізген ел» – осы мағына, осы мазмұн жоқ.

Шыны керек, бұл мәселеге көңіл аудармай-ақ қойса болар еді. Бірақ Қазақстанның жағдайында ештеңені елеусіз қалдыруға болмайды.

Себебі, біздің қоғам әуел бастан екіге бөлінген. 

Тек бай мен кедейге ғана емес, сонымен бірге қазақтілді және орыстілдіге…

Қазақтілді және орыстілді қоғамның бір-біріне ұқсамайтын және ешқашан бірікпейтін өз құндылығы бар. Қорқыныштысы, осы құндылықтар бір-біріне қарама-қайшы.

Сосын түрлі топ, түрлі адам бар.

Елдің егемендік алғанын құндылық деп қабылдай алмайтындар да арамызда жүр.  Қолын кеудесіне қойып ол туралы ән шырқау олар үшін ауыр…

Кейбіреу үшін әнұранның аудармасында «қазақ» деген сөзді атаудың мүлде қажеті жоқ…

gimn0506Орыстілділердің көпшілігі әнұранда осындай сөздің бар екенін білмеуі де мүмкін.

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды.

Бірақ,

осы бір қысқа, әрі тілі де жеңіл әнұранды жаттап алуға және оның мағынасын білуге осы уақытқа дейін ешкімнің ынтасы да, ықыласы да оянғанбаған сияқты. Неге?

Елдің бай мен кедейге бөлінгені түк емес, құндылықтардың, тілдің, түсініктің бөлінгені қауіпті.

Қазақстан дәл осындай бөлініске түскен ел!

Загрузка...