АҚШ президенті Барак Обама жұма күні “Ислам мемлекеті” террористік ұйымы әлсіреді, бірақ әлі де қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Бұл жөнінде ВВС хабарлайды.
Обаманың сөздерінше, Иран және Сириядағы жиһадшыларға қарсы әскери компания “Ислам мемлекеті” террористік ұйымын әлсіреткен. Бірақ соған қарамастан, олар Еуропа елдеріне шабуылдар жасап келеді. Президент исламшылармен күресті “өркениеттердің қақтығысы” деп атауға келмейтінін айтады. Ол экстремистер “ислам негіздерін бұрмалап келеді” деді.