Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Обама сайлауалды күресте Клинтонға қолдау білдірді

АҚШ президенті Клинтонның ықтимал бәсекелесі республикашыл Дональд Трамптың атын атамады, бірақ ол сайлаушылардың артқа шегіну мен алға жылжу арасында таңдауда тұрғанын айтты. Оның сөзінше, Хиллари Клинтон халықты алға сүйрейді. Барак Обама Хиллари Клинтонды өзінің мұрагері әрі ізбасары рөлінде көретінін айтты. “Мен эстафеталық таяқшаны беруге дайынмын, – деді президент Обама. – Мен білемін, Хиллари Клинтон оны қағып алуға дайын”.

ФБР басшысы Джеймс Коми Клинтонның мемлекеттік хатшы болып тұрғанда қызметтік электрондық поштасын жеке мүддесіне пайдаланды деген іс бойынша, тергеушілер оның шын мәнінде жеке поштасын пайдаланғанын, онда қылмыстық әрекет табылмағанын хабарлағаннан кейін, санаулы сағаттардан соң, Барак Обама Клинтонды қолдап митингіге шықты.

Президент Обаманың қолдау көрсетуі экс-мемлекеттік хатшы үшін этникалық азшылық арасында өте маңызды. Себебі олардың арасында Клинтонның беделі төмен. Олардың шамамен 55 пайызы Клинтон туралы жағымсыз пікір білдірген. Ал Дональд Трамптың негативті рейтингісі – шамамен 60 пайыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз