Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Обама мен Трамп пародиясында Қазақстан туралы әзіл айтылды

Saturday Night Live жүргізушісі Конан О’Брайен болып жатқан жағдай туралы көбірек білетінін айтты. “Ханымдар мен мырзалар, бұл ғаламат! Біз Барак Обама мен Дональд Трамп арасындағы бірнеше әңгіменің жазбасын алдық. Күлмеңіздер, бұл шындық”, – деді ол.

Бұл жазбада “Трамп” “Обамадан” Ақ үйде іс жүргізу туралы кеңес сұрайды дей келе, бір-бірімен байланысы жоқ телефондағы әңгімелерді ұсынады.

Қазақстан туралы әңгіме былайша өрбиді:

Барак Обама: Алло.

Дональд Трамп: Жылдам сұрақ. Қазақстан?

Барак Обама: Не, не сұрағың келді?

Дональд Трамп: Ол не? Ет тағамы ма?

Барак Обама: Қазақстан – Орталық Азиядағы ел. Ресей және Қытаймен көршілес жатыр.

Доналд Трамп: Түсінікті. Нақтылап алайын. Ол бізге керек пе?..

Одан кейін телефондағы әңгіме үзіліп, қайтадан қосылғанда Барак Обама мен Дональд Трамптың арасында басқа тағы бір мағынасыз әңгімелер талқысы болып жатады.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны хабарланған болатын. Өз кезегінде АҚШ-тың жаңа президенті Елбасын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттытаған еді. Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары ғажап жетістіктерге жеткенін атап өткен. Бұл туралы 30 қараша күні Ақорданың ресми сайтында хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз