Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Обама Марсқа ұшқалы жатыр

Обама адамның Марсқа ұшуы туралы жоспарын президент қызметіне кірісетін кезде-ақ білдірген. Президенттік қызметі аяқталатын тұста ол құрлықаралық экспедицияны ұйымдастыруға мемлекет пен жеке компаниялар бірдей күш жұмсауы керек дейді. Алдағы екі жылда коммерциялық компаниялар бірінші рет астронавтарды Халықаралық ғарыш станциясына ұшыра бастайды.

Президенттің жоспары бойынша, бұдан кейін “мемлекет пен коммерциялық компаниялар адамның ғарыш кеңістігінің тұңғиығында ұзақ уақыт болуы үшін жасанды кеңістік жасауы тиіс”. Жасанды кеңістікте адам Жерден қашықтықтағы өмірге үйреніп, Марсқа аттанатын ұзақ сапарға дайындала алады.

Ғарышты коммерциялық тұрғыдан зерттеумен SpaceX, Blue Origin сияқты компаниялар айналысады. Илон Масктың SpaceX компнаиясы 2025 жылы Марсқа адам ұшыруда жоспарлап отыр. Boeing корпорациясының бас менеджері Деннис Мюленберг кеше “Марсқа аттанатын алғашқы адамды біздің компания жасаған зымыран алып ұшатынына сенімдімін” деп мәлімдеген.

c516e22b-421d-4117-8951-1fd8cf05ca9f_cx0_cy19_cw0_w987_r1_s_r1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз