Бұл видеоны Facebook әлеуметтік желісіне Надира Сәрсенбаева есімді қолданушы жүктеген. Онда бастауыш сынып оқушысының смартфон ақылы порнографиялық жанрдағы видео көріп отырғаны анық байқалады. Видеоролик астындағы пікірлерде оқиғаның Алматы қаласында болғаны айтылады, деп жазады sn.kz.
Қыз бала артында адамдардың бар екенін естен шығарып алса керек, ашық төсек қатынасын бірнеше минут бойы тамашалады. Фэйсбуктағы жазба авторы бұған ата-аналар тікелей кінәлі дегенді айтып отыр.
Айта кетейік, еліміздің бірқатар қалаларында оқушылардың мектепке смартфон алып келуіне тыйым салынған. Атап айтқанда, Астана мен Шымкентте және Қызылорда облысында оқушылар мен педагогтер оқу ордасына гаджеттермен кіре алмайды.
https://youtu.be/IHQpAYxOF2E