Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Оңтүстіктен солтүстікке 700-ден астам отбасы қоныс аудармақ

«Серпін» бағдарламасымен бізде 600-ден астам бала университеттерде, 400-ден астамы колледждерде оқып жатыр. Бұл жұмыс жақсы жүріп жатыр. Олардың тәртібі мен білімдерін тәрбие ісі жөніндегі басшылықтары, білім басқармалары барып, біліп отырады. Өзім де барып, кездестім, көңілдерін біліп. Жалпы біз оларға қолдау көрсетіп жатырмыз. Өзіміздің ойымыз – балалар осы жаққа келгеннен кейін, осында қалса. Өйткені біздің өңірдің санын көбейту керек. Өздеріңіз білесіздер, бізде көші-қонның теріс сальдосы тіркелуде. Сондықтан оңтүстік өңірлермен біз тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Облыс әкімінің тапсырмасымен мен өзім 4-5 рет оңтүстік өңірлерге барып келдім. Кездесу өткіздім. Бүгінгі таңда 700 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келуге ниет танытуда. Қазіргі уақытта 127 отбасы көшіп келді. Әрине, қоныс аударған адамға оңай емес, қиыншылықтар да болады. Бірақ аудан әкімдері барлығын бақылауда ұстап отыр», – деді А. Сапаров.

Айта кетейік, «Серпін» бағдарламасы 2014 жылдан бері жұмыс істеуде. Оның мақсаты – мамандарға зәру солтүстік, шығыс және батыс өңірлеріне оңтүстік (ОҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары) жастарын көшіру, оларды оқыту және жұмысқа орналастыру.

5720a9f514f7cimg_6661

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз