Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оңтүстіктегі жемқорлық: бұл жолы денсаулық сақтау саласының басшылары құрықталды

Оларға қомақты қаржыны қалтаға басып, пара алды деген айып тағылып отыр. Бюро мәліметіне сүйенсек, департамент басшысының орынбасары мен бөлім басшысы өздеріне қарасты 67 медициналық мекемеден жарты жылдық есебін тапсыру үшін 20-30 мың теңге көлемде пара алып отырған.

Күдіктілер жалпы сомасы 12 мың АҚШ долларын алып, ауқымды сыбайлас жемқорлыққа барған.

Олардың бұл заңсыз әрекеті 20 шілде күні әшкере болды. Сонымен қатар департамент басшысы да сұрауға алынуда. Оған қатысты да бірнеше рет заңсыз сыйлықтар мен ақшалай пара алған деген күдік бар. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бір апта бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы жүргізген арнайы операциясы кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан бөлімшесінің 15 қызметкері ұстағалғаны мәлімделген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз