Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оңтүстіктегі Төле би ауданында 5 жаңа мектеп қолданысқа берілді

155

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданның Әңгір ата, Абай, Көксәйек, Жіңішке және Керегетас елді-мекендерінен ашылған білім ошақтары мектепке баратын балалар санының артуына байланысты бой көтерді.

Білім ұяларының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бұхарбай Парманов барша ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, Төле биде 150 орынды екі мектеп және 250 орынды үш мектептің оқушыларға есігін айқара ашқанын хабарлады.

Жаңадан ашылған барша мектептің ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен, мұнда лингафонды кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туғызары хақ.

Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнер түріне баулиды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз