Оңтүстіктегі мақта алқаптарына қурап кету қаупі төніп тұр

24 просмотров

Сырдария өзені суының негізгі көлемін Тәжікстан мен Өзбекстан алып отыр, ал оңтүстік қазақстандықтарға там-тұмдап қана жетеді.

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданының мақта өсірушілерінде маза жоқ. Олар ала жаздай баптаған алқаптары қурап кетеді деп алаңдап отыр.

Шіліңгір шілде аптап ыстықтар орнайтын кез, ал «Достық» мемлекетаралық каналында су тапшы. Мұнда бірнеше аптадан бері келіп түсіп жатқан судың көлемі секундына бар-жоғы 20-25 текше метрді ғана құрайды. Ал нақты сұраныс болса — 90 текше метр.

«Қазсушаруашылығы» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мамандарының айтуынша, Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасында бүгінде 14 млрд текше метрден астам су жиналған. Бұл өте үлкен көлем. Ол су Сырдария өзеніне құйылады.

Алайда өзеннің жоғары жағында орналасқан Тәжікстан және Өзбекстанның мақта өсірушілері судың көп көлемін өздеріне алып қояды. Ал Қазақстанға там-тұмдап қана жетеді. Бұл мәселе осы уақытқа дейін мемлекетаралық деңгейде шешіліп келді.

Ал «Достық» каналына келіп жеткен су әзірге каналдың бас жағында орналасқан алапқтарды суаруға ғана жетуде.

Ал төменгі жақты суару үшін Шардара су қоймасынан келетін суды машина станциясының көмегімен сорғымен суаруға мәжбүр. Бірақ бұл тым қымбатқа түсуде. Машина станциясының 18 сорғысын қосу күн сайын 8 млн теңгені қажет етеді.

Загрузка...