Оңтүстікте жайылым жер тапшы

32 просмотров

Қолдағы ірілі-ұсақты малды жаятын бос жер жоқ. Ауылдың іргесіндегі жер жалға берілмей, мемлекет қорында қалуы тиіс.

Бұл – Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған жер туралы жұмысшы топтың отырысында айтылған пікір. Оған 4 ауданның азаматтық ұстанымы берік, қоғамдық өмірге белсене қатысатын диқандары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты. Тұрғындары тығыз орналасқан өңірде жер мәселесі өткір көтеріледі.

Арнайы құрылған орталыққа мыңға тарта сұрау түсіпті. Әр ауданнан тұрғындардың шаруашылық жүргізу бағытына қарай түрлі сауал қойылған. Бір ауданда ауылды әрі қарай дамыту үшін жер телімін бөлу мәселесі көп көтерілген. Енді бірінде егіс егу үшін жалға алатын жер қалмаған. Тағы бір ауданда жерді өз азаматтарымызға сатқан жөн деп санайды. 49 жылға жалға беру тиімді деп есептейтіндер де жеткілікті. Ең көп көтерілетін мәселе ауыл тұрғындарының малын жаятын жайылымының жоқтығы. Айтылған ұсыныстар топтастырылып, комиссияға жіберіледі.

Сайын Бақтыбаев, жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі:

 -Ауылдың маңындағы жердің дені жалға беріліп кеткен. Алған адам оны қорып, мал жайдырмайды. Сондықтан ауылдың іргесіндегі 10 шақырымдық аймақ жайылым ретінде қалу керек деген ұсыныс көп айтылады. Бұл – өзекті мәселе.

Хабар

Загрузка...