Оңтүстікте ыстық, Солтүстікте жаңбыр жауады

32 просмотров

Бүгін еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймағында  найзағай ойнап, жаңбыр жауады, — деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің өзге өңірлерінде күн ашық.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел күшейіп, кей жерлерінде бұршақ жауады.

Күндіз Маңғыстау облысының  кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда  облыстарының  кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Загрузка...